ҚАЗАҚТЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ (@qazaqtyn_naqyl_sozderi)

4 days ago

Әлихан Бөкейхан жайлы деректер ⠀ Әлихан Бөкейхан – қазақтың басын бiрiк­тiрiп, ерiктi ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетiн: ақыл-ойын, өнер-бiлiмiн, жiгер-қайратын, бар саналы өмiрiн арнаған адам. Егер ол өзiнiң бас пайдасын ғана ойлап, патша заманында мансапқор болып, шен-шекпенге қызығып, ұлық болғысы келсе, өзi ақсүйек, хан әулетi әрi оқымысты Әлихан Бөкейханға ол жол оңай едi. Бiрақ Әлихан қара басының қамын ойлаған жоқ, туған халқының қамын ойлап, белiн бекем байлап, ел үшiн еңбек ету жолына түстi. Әлихан – қазақ тарихында демократиялы баламалы түрде сайланған Алаш Орда – Ұлт кеңесінің тұңғыш төрағасы»  «Хан баласында қазақтың хақы бар еді, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» — деген асыл ердің тектілік, намысшыл, ұлтжандылық секілді қасиеттері әр қазаққа үлгі болуы тиіс! Ал оны үлгі ету үшін әр адамның санасына Әлиханның қандай намысшыл, ұлтын сүйген ұлы адам екенін жеткізу керек. Осы жолда кішкене болсада өз үлесімді қосу парыз деп санадым. Ал енді бізге жеткен деректер мынадай: 1.«Бірде тегі неміс В.Радловқа Әлихан Бөкейхан: «Сіз қазақтың құқықсыз екенін биік орталарда айта жүріңіз» деп қолқа салғанда, анау: «Құдай әрбір ұлтқа түрлі тағдырды бұйырады. Сіздер бұған көндігулеріңіз керек» депті. Мұны естіген Әлекең Радловты көрсе, не кілт бұрылады екен, не ол кіргенде шығып кетеді екен. Бұл не? Бұл – принцип. Бұл – «ғалым бүйтіп айтпайды, сенің қасыңда отыру – ұлтымды қадірлемегендік» деген протест». 2. Төлеубай деген кісі кезінде Меккеге барып, қажы атанған екен. Осы сапарда Қара теңіз жағасында Әлихан Бөкейханмен ұшырасыпты. Қажылық сапар шеккен адам әр жерде садақа беріп, екі дүниенің обал-сауабын ойлайды ғой. Пітір-садақа беріп жатқанын көріп, Әлихан Төлеубай атамызға: «Жат жұрттың бейшараларынан бұрын, әуелі қазақтың қалың жарлы-жақыбайын тойындырмадыңыз ба?!» депті.

Loading...

40 comments

Loading...